Ментальді арифметика пайдалы ма?
Ментальді арифметика деген не?
Ментальді арифметика – 4-14 жас аралығындағы балалардың зияткерлік қабілетін дамытуға арналған, ойша есеп жүйесіне негізделген бағдарлама. Негізінен, оның тарихы ежелгі Қытайдағы абакус есептеу құрылғысының пайда болуымен тығыз байланысты. Себебі ментальді арифметика бағдарламасының негізі осы абакусты қолданумен сипатталады. Дәл осы құрылғының адам миын шынықтыратын қасиетін байқаған малайзиялық профессор Дино Вонг 1993 жылы UCMAS ментальді арифметика бағдарламасын ойлап тапқан. Бүгінгі таңда бұл бағдарлама әлемнің 75 елінде сұранысқа ие болып, UCMAS орталықтары ашылған. Қазақстанға мұндай орталықтар 2011 жылы келді. Ал 2015-2016 жылдары облыс орталықтарында ментальді арифметика курстары ашыла бастады.
Бұл сала мамандарының айтуынша, абакуспен жұмыс істеу балалардың ұсақ моторикасын дамытып, миының екі жақ жарты шарының үйлесімді дамуына әсер етеді. Сонымен қатар баланың зейіні мен фотографиялық есте сақтау қабілеті артып, шығармашылық ойлау, байқампаздық, өз-өзіне сенімділік, нақтылық, жылдамдық пайда болады.
Математиктер ментальді арифметикаға неге қарсы?
Ментальді арифметикаға көбінесе физика-математика ғалымдары мен профессорлары қарсы пікір білдіріп келеді. Солардың бірі қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаев ментальді арифметиканы қолдамайтынын айтқан еді. «Математика ғылымы – теңіз. Ментальді арифметика сол теңіздің бір тамшысы ғана. Мұны игерген адам сандарды тез көбейтуді біледі. Одан өзге артықшылығы жоқ. Бір есепті біреу 5 секундта, екінші біреу 1 минутта шығаруы мүмкін. Меніңше, нәтиже дұрыс болса, болды. Ментальді арифметика ғылым емес. Мысалы, циркте біреулер зілтемір көтереді, енді біреулер шойын темірді майыстырып жатады. Мұны ғылым деп айта аласыз ба? Биік өкшелі туфлимен жүгіру, қызанақ лақтыру спорт болып санала ма? Жоқ. Сол сияқты ойша есеп шығаруды ғылым деп қарастыруға, барлық қазақтың сол жолға түсіп кетуіне қарсымын. Бұл халықты таңғалдырып, қалтасындағы қаржыны қағып алу үшін жасалып жатқан болуы мүмкін», деді академик бір сұхбатында.
Физика-математика ғылымының докторы Кәден Бопаев та ойша санау баланың ойлау қабілетін жақсартпайтынын айтады. «Логика дегеніміз – адамның жаны мен ділінің қосындысы. Егер балаларымыз жаппай ментальді арифметикаға кететін болса, біз логикадан айырыламыз», дейді ол. Ал Астанадағы мектеп-лицейлердің бірінде сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімі Әлия Сапарқызы ментальді арифметикаға баратын балалар есепті тез шығарғанымен, оның жолын түсіндіріп бере алмайтынын айтты. «Сыныбымда ментальді арифметикаға баратын балалар мәтінді есеп, логикалық сұрақтар болғанда абдырап қалады. Сондықтан мұндай курстарға қарсымын», дейді ол.
Ата-аналар не дейді?
Бұл пікірлерден соң біз балаларын ментальді арифметикаға берген ата-аналарды іздестіре бастадық. Байқағанымыздай, олардың көбі балаларына мұндай курстардың еш зияны жоқ деп ойлайтынын айтты. Мысалы, 2 баласын да ментальді арифметикаға берген Эльвира Төлеген мұндай курстардың балаларының сабақ үлгеріміне нақты әсері болмаса да, екеуінің бойында жинақылық пен байқампаздықтың артқанын жеткізді. Ал мектеп психологы Назгүл Ерікқызына хабарласқанымызда, ментальді арифметиканың бала психологиясына әсері туралы арнайы бақылау жүргізіп көрмегенін, бірақ баланың зейініне жақсы әсер ететінін көріп жүргенін айтты. «Менің де балаларым ментальді арифметикаға барады. Бұл жай ғана қосымша курс. Домбыра сабағына барып жүргендердің барлығы күйші болып кетпейтіні секілді, ментальді арифметика да баладан ғалым жасап шығаруды мақсат етіп отырған жоқ», дейді ол.
Астанадағы «Мегаинтеллект» орталығының оқытушысы Ұлжан Асқарқызы ментальді арифметика математиканың бір бөлігі және баланың миын шынықтыру үшін қосымша білім беру бағдарламасы екенін айтты. «Адам ағзасындағы кез келген бұлшық етті әрдайым шынықтырып отыру керек. Сол секілді миды шынықтырмау ми ауруына, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл ретте ментальді арифметиканың рөлі зор. Ол ойлау қабілетін арттырады және бұл математика емес, арифметика. Біз есептерді кейде тақпақ жаттатып шығартамыз. Жалпы, ментальді арифметика нейронды жүйелердің байланысын нығайтып, есте сақтау қабілетін арттырады. Әрі оны оқушылардың сабағына кедергі келтіреді деудің еш негізі жоқ деп ойлаймын. Негізінен, ментальді арифметиканы біздің орталық 5-12 жас аралығындағы балаларға үйретеді. Одан бөлек 50-ден асқан адамдарға Альцгеймер ауруының алдын алу шарасы ретінде сабақтар өткізіледі», деді Ұлжан Асқарқызы.
Ментальді арифметикаға баланы неше жастан бастап берген жөн?
Жоғарыдағы «Мегаинтеллект» оқушыларды 5 жастан қабылдағанымен, жалпы, бұл бағдарлама 4 жастан асқан балаларға арналғанын жоғарыда айттық. Ал ресейлік математикатердің бірі Надежда Ленивенко ментальді арифметикаға қарсы еместігін, тіпті өз балаларын да бергенін айтып, тек 4 жастан мұндай курстарға беруге түбегейлі қарсы екенін жеткізді. «4 жаста балалар мектепке әлі бармайды. Яғни, мұғалім көрсеткен әдіс пен оның осы уақыт аралығында үйренгені бір-бірімен сәйкес келмесе, бала үшін соққы болуы мүмкін. Менің ойымша, ментальді арифметикаға баланы 6 жастан бастап берген жөн», дейді ол.
Біз осы пікірдің нақтылығына көз жеткізу үшін невропотолог-дәрігер Айжан Жантемірқызына хабарласқан едік. Ол ментальді арифметикаға қарсы еместігін, бірақ оған 4 жастан бастап балаларды беруді қолдамайтынын айтты. «Ойша есеп шығару мидағы нейрондар байланысына жақсы әсер етеді. Баланың ми өрісі мен ұсақ моториканың тығыз байланысы бар. Бірақ 4 жаста ол толық қалыптаспайды. Кейде ментальді арифметика курсына баратын баланың барлығы арифметикалық тапсырмаларды орындауға қабілетті болмауы мүмкін. Оны да ескеру керек», дейді ол.
Гүлнұр ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Ментальді арифметика —
Ментальді арифметика – бұл ауызша есептеу жүйесіне негізделген 4 жастан бастап, 16 жасқа дейінгі балалардың ақыл-ой қабілетін дамытудың бірегей әдістемесі. Осы әдістемемен оқи отырып, бала калькулятордың көмегіне жүгінбестен, жылдамырақ ойда бірнеше секунд ішінде кез келген (қосу, азайту, көбейту, бөлу, санның квадрат түбірін есептеу) арифметикалық тапсырмаларды шеше алады.
Басқа әдістемелерден ментальді арифметиканы оқытудың біздің әдісіміз немен ерекшеленеді?
1. Әрбір сабақ үшін толық жазылған жоспардан тұратын нұсқаушыларға арналған әдістемелік оқу құралдарының болуы.
2. Әр сабақта балалар жаңа тақырыпты өтеді,сондықтан, бір топта ментальді арифметика сабағыныңжәне меңгеру техникасының әр түрлі деңгейдегі балалардың болуы мүмкін емес.
3. Әрбір тақырып 6 кезеңде,ал 3-деңгейден бастап – жеті кезеңде түсіндіріледі. Бұл жағдайда балада ақпаратты қабылдаудың барлық арналары жаттығады. Яғни, тек бір ғана жаңа тақырып45 минут бойында игеріледі. Әрбір бала жаңа материалды 100% түсініп, игергеніне көз жеткізгеннен кейін оған алған білімін және дағдыларын үйде бекіту үшін үй тапсырмасы беріледі.
4. Әдістеме егжей-тегжей және тереңінен жазылған. Жаңа тақырыппен жұмыс істеген кезде міндетті түрде бұрын өткен тақырыпты қайталап, бекітуге арналғанматериалқосылады, осылайша, берік білім мен дағдыға қол жеткізуге болады. Сондықтан оқытудың кез келген кезеңінде және білімнің кез келген деңгейімен топқа жаңа оқушыларды қосуға болмайды.
5. Оқыту үшін мұқият әрі толық әзірленген кітаптар бар. Әрбір жаңа тақырыпқа кем дегенде 8 бет бөлінеді. Әрбір бетте 4 жол, 10 мысал бар. Бұл басқа мектептерде әдетте ұсынылатыннан 2-3 есеге көп.
6. Біздің менталитетті ескере отырып,үшінші сабақтан-ақ, біздің мектептерде балалар ментальді түрде есептей бастайды. Бала абакуста алған дағдыларын игергеннен кейіналдымен формуласыз оңай мысалдарда, ал кейін бірте-бірте есепті күрделендіріп, елестеуді қолдана отырып, оған бұны ментальді түрде жасауды ұсынады. Бұл балалардың оқуға деген ынтасын одан бетер күшейтеді, өйткені, ментальді арифметиканы оқудың бірінші қадамынан-ақ олар нәтижені көреді, жақсы меңгерілген материал және игерілген дағдылар бұл процесті мейлінше оңай етеді. Олар байқап көреді де, мақсатына жетеді, сол кезде балалар өзіне деген сенімділікті сезініп, өз қабілеттері мен білімдеріне сенеді.Әдетте, басқа әдістемелер бір жыл бойы барлық формулаларды абакуста оқиды, тек бір жылдан кейін ғана ментальді түрде есептеуге талпыныс жасай бастайды.
7. ISMA әдістемесіне арнайы жасалған оқушыларға арналған бірегей білім алатын онлайн портал. Балалар порталда күнделікті жаттығады. Портал жұмысы нұсқаушы үй тапсырмаларының тұрақты әрі дұрыс орындалуын бақылап, статистиканы қадағалап және бала дамуын талдайтындай бапталған. Егер бала порталда жаттықпайтын болса, онда бұл бірден көрінеді, оның рейтингісі түсіп қалады.Бұлкез келген мезетте кіре алатындай және баланың даму динамикасын қадағалатындайтек нұсқаушы тарапынан ғана емес,ата-аналар тарапынан да бақылау,албала үшін өзін-өзі бақылауға және ынталандыруға мықты құралболып табылады. Арифметикалық тапсырмалардан басқа, порталда логиканы,зейінді, фотосуреттік есте сақтау қаб ілетін дамытуға арналған тапсырмалар да бар.Осы жаттығулар дағдыларды игеру және бекіту үшін өте маңызды.
8. Балаларпараллельді түрде қосу мен азайтуға арналған формуланы қолдана отырып тапсырманы шешеді. Әдеттегі шетелдік әдістемелер негізінен қосуға тапсырманы береді. Азайтуды олар бөлек формулалармен өтеді. ISMA әдістемесі сондай-ақ, балаларға теріс сандарды, ондық бөлшектерді, квадрат түбін, үшінші дәрежелі түбірді, пайыздарды есептеуді үйретеді. Есептерді ақшаға, салмаққа және басқа шамаларға шаққандағы өрнектерді шешеді.
9. Әдістеменің бірегейлігі Қазақстан нарығында ғана емес, алыс шетелдердегі елдерде де 4 жыл бойы сәтті жұмыс істейтінбіздің қазақстандық өнімімізден тұрады. Одан басқа, әдістеме ұдайы жетіледі және дамиды – бұл оның шет елдерден әкелгендермен салыстырғанда артықшылығы болып табылады, себебі біздің менталитетімізге сәйкес келе бермесе де, заң бойынша бөтен әдістемелердің нобайына өзгертулер, жетілдірулер енгізуге болмайды. Бұл өте маңызды жайт. Шағын мысал келтірсек, көптеген әдістемелерде 5 250 саны 5, 250 деп жазылады. Мектептер бұл жағдайда иеленген әдістеме регламенттерінен алшақтай алмауда. Біздің білім беру жүйемізде бес санынан кейін қойылған үтіродан кейін жүздіктер келетінін білдіреді. Сан бес бүтін екі жүз елу жүздік деп оқылады. Балалардасанды қабылдау да түсінбеушілік туындайды, өйткені, мектеп бір жүйені талап ететін болса, ал ментальді арифметика мектебі – басқа жүйені талап етеді. Осы жерде ментальді арифметикаға қатысты мектеп мұғалімдерінде наразылық пен кемшілік туындайды.
ISMA әдістемесі бойынша ментальді арифметиканы оқу мектеп талаптарын, менталитет ерекшеліктерін және балаларымыздың психологиясын ескереді, бұл ментальді арифметиканы оқуда ғана емес, сондай-ақ, мектептегі жалпы үлгерімін айтарлықтай көтеруде үздік нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Одан басқа, ISMA әдістемесі бойынша ментальді арифметиканы оқитын балалардың білімі мен дағдылары ментальді арифметика бойынша ірі әлемдік қауымдастықтардың талаптарына сәйкес келеді. Халықаралық талаптарға сәйкес біздің әдістемемізде қатарлар саны көбейіп, жетілдіру енгізіледі. Бұл балаларымызға әлемдік олимпиадаларда жоғары дәрежеде шығуға мүмкіндік береді.
МЕНТАЛЬДІ АРИФМЕТИКА ТУРАЛЫ МАТЕМАТИКТЕР НЕ ДЕЙДІ?
Qamshy.kz журналисі қазіргі таңда ата-аналардың көбінің қызығушылығын тудырып отырған ментальді арифметика туралы зерттеу жасады.
Тарихына шолу
Бірнеше мың жыл бұрын қытайлықтар «абакус» есепшотын ойлап тапқан болатын. Бұл құрал арифметика саласына көп өзгеріс әкелді. ХVI ғасырда «абакусты» жапондықтар қолдана бастады. Содан бері 400 жыл өтіпті. 400 жылда «абакусқа» негізделген сан түрлі есепшоттар пайда болды (оның ішінде аталарымыз қолданған «советский» есепшот та бар). Аталмыш есепшоттың ерекшелігі, мәні кез келген есепті ойша тез шығаруға үйретеді. Бүгінгінің калькуляторы уақыт жағынан одан қалыс қалып қояды. «Абакус» бүгінде АҚШ-та, Кореяда, Оңтүстік Азияда кең танымал. Ендігі кезек бізде…
Байыбына бару
Ментальді арифметика дегенді естіген шығарсыз. Ол тез есептей отырып, мидың оң және сол жақ шарларының жұмысын жақсартуды, жалпы адамның есте сақтау, көңіл бөлу қабілетін арттыруды көздейді. Басында сізге «абакусты» береді. Бірнеше ай бойы қолыңызды жаттықтырып, сонымен есеп шығарасыз. Бірте-бірте ойша санауды үйрене бастайсыз. Қарапайым сандарды тез бағындырсаңыз, келесі деңгейге өтесіз. Жалпы 11 дан бар. 1 данға орташа есеппен 3-4 ай кетеді. Жетісіне 2-3 рет барасыз. Сабақтың ұзақтығы әр орталықта әрқалай. Шағын топта немесе жекелей дайындала аласыз. Бағасы да тікелей соған байланысты.
Денис Петровичке шалынған қоңырау
Алматы қаласының Абай көшесінің бойында «Ментальді арифметикаға бала жинаймыз» деген жарнамаға көзім түсіп қалды. Жұмысқа жақын орналысқандықтан кеңселеріне қоңырау шалдым. Содан соң барып қайттым. Отырған ғимараттарына, жалпы жағдайларына қарап, арифметиканың бұл түрін оқу үлкен сұранысқа ие екендігін түсіндім. Балалар кіріп жатыр, шығып жатыр… Директоры Денис Петрович есімді кәріс азаматы. Ашылғандарына екі жыл. Фирманың аты «Жаңа жол». 3 жастан 15 жасқа дейінгі аралықтағы балаларды қабылдайды екен. Бір айға 36000 тг. көлемінде төлем алынады. Ментальді арифметиканы оқытудың кең таралған екі түрлі методикасы бар. Біріншісі – малайзиялық, екіншісі – оңтүстік кореялық. «Жаңа жолдықтар» екінші әдісті таңдапты.
36 жаста мұғалім атану
Орталықтың мұғалімі Бахтынур Баудиновамен таныстым. Сабақ беріп жүргеніне көп болмапты. Ең қызығы, ол мамандығы бойынша психотерапевт. Бірақ өз саласы бойынша жұмыс істеп көрмепті. Ментальді арифметикаға келуін Бахтынур былай баяндады: «Кішкентай балам бар. Сол ментальді арифметикаға барғысы келген. Алайда сабақтың ақшасы мен үшін қымбат болып шықты. Ментальді арифметиканы үйрететін орталыққа барғанда оларға мұғалімдер керек екенін білдім. Сосын өзім үйреніп алып, баламды да үйретемін деген ой келді». Қазір өз балама да, өзгенің баласына да сабақ берудемін.
Google.kz-тің жауабын білу
Ғаламторға кірсем «Ментальді арифметикадан сабақ беретін мұғалім керек!» деген хабарландырулар өте көп екен. Ескеретін бір жайт, ешкім сізден жұмыс тәжірибесін сұрамайды, күтпейді де. «Компания есебінен үйретеміз, бұл көп уақыт алмайды» дейді жұмыс берушілер. Соған қарағанда ментальді арифметикадан сабақ беру алып бара жатқан қиын шаруа емес. Тағы бір таң қалғаным – айлық көлемі. 150000-200000 теңге. Кім не десе де еліміздегі орташа айлық көлемі мұндай сома емес. 150000 тг. газеттің бас редакторы алады шамамен. Осындан-ақ қай еңбектің қалай бағаланатынын бағамдай беріңіз.
Математиктердің ой-пікірін есту
Академик Асқар Жұмаділдаев «Abai.kz»-ке шыққан сұхбатында: «Математика ғылымы – теңіз. Ментальді арифметика сол теңіздің бір тамшысы ғана. Мұны игерген адам сандарды тез көбейтуді біледі. Одан өзге артықшылығы жоқ. Бір есепті біреу 5 секундта, екінші біреу 1 минутта шығаруы мүмкін. Меніңше, нәтиже дұрыс болса, болды» депті.
Асқар есімді алматылық математик мұғалім: «Мен жоғары сыныптарға математикадан сабақ беремін. Ал, ментальді арифметика бастауыш сыныптың деңгейі. Жалпы, оның жұмыс істеу тәсілін шамамен ғана білемін. Немерелерімді де курсқа берген емеспін. Сол себепті курсқа барған бүлдіршіндердің оқу үлгерімі өзгере ме деген сұраққа мен жауап бере алмаймын. Бар білетінім – ментальді арифметика ғылым емес. Ол тез есептеудің жолы. Бала тез есептеп берсе, ересектер қол шапалақтап мәз болады. Ал, ол баланың математикасы нашар болуы әбден мүмкін. Тез есеп шығару математиканы жақсы білу дегенді білдірмейді. Мысалы, бізге баяғыда Шымкенттен тез есептейтін танымал бала мектепке келген. Аудан, қала, облыс газеттеріне шығып жүрген бала біздің математикалық есептерімізді шығара алмай сұрыптаудан өтпей қалды. Сөйтіп мектебімізге түспеді. Өкінішке қарай».
Үздігін анықтау
«ISMA-Kazakhstan» мектебі Алматыда 2013 жылы құрылған. 2014 ж. бастап республика бойынша өз бөлімшелерін аша бастады. Бүгін таңда 128 франшиздік мекемесі (қарабайыр тілмен айтқанда ізін жалғастырушылары) бар, жекеменшік 7 мекемесі бар. Сабақ қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді. Ментальді арифметика бойынша екі рет өткен республикалық олимпиаданың ұйымдастырушылары осы. Биылғы олимпиадаға Қырғызстаннан да арнайы келіпті. Келер жылы Ресей, Болгария қатысады деп жоспарлануда. Демек олимпиада республикалық емес халықаралық деңгейге көтеріледі.
Мақсат – олимпиадаға бару
Бішкек қаласымен байланысқа түскенімізде тұтқаны Татьяна Бегель есімді инструктор көтерді. Татьяна Алматыда өткен республикалық олимпиадаға Бішкектен 50 адам қатысқанын растады. «Бізде ментальді арифметика бойынша мектепаралық, қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалар өткізіледі. Қырғызстанда да арифметиканың бұл түріне қызығушылық жоғары деңгейде. Бірақ Алматыға бару, сіздер өткізген олимпиадаға қатысу біз үшін үлкен мәртебе, ерекше оқиға. Балалар мәз болып барып, мәз болып қайтты. Нәтижеміз де жаман емес. 2 гран-при, 1 үшінші орын ұтып алдық»,-деді.
Есеп сұрау
Ментальді арифметикаға бала 2,5-3 жыл баруы керек. Бұл шама-шарқынына қарай ең негізгі деген деңгейлерді бағындыруға кететін уақыт. Курс ақысын төлеймін деп кассаға барғанда алдын-ала дайын болыңыз, себебі: 1 ай = 14000 теңге (4 рет барады 2 сағаттан), 12 ай = 192 000 теңге, 2 жыл =384 000, 3 жыл = 576 000 теңге («ISMА» мектебінің бағасы бойынша).
Ақ-қарасын ажырату
Астана қаласындағы №83 мектеп-гимназиясының психологы Назгүл Әбілқасымова: Ментальді арифметика барған баланың психологиялық жай-күйі өзгере ме, өзгермей ме айту қиын. Себебі оны бақылау қажет. Мен арнайы түрде бақылау жүргізбедім. Өз қызымның курсқа барып жүргеніне бір ай болды. Нәтиже жайлы айту әлі ерте. Жалпы, өз басым калькулятордан қарағанда есепшотпен есептегенді құптаймын. Бұл жерде әңгіме «абакус» жайлы. «Абакус» шотымен есептегенде концентрация керек. Калькулятор сияқты дайын дүние ұсынбайды. Сол жағынан алғанда ментальді арифметика жақсы дүние ме деп ойлаймын. Бірақ курсқа барған баладан керемет жаңалық, өзгеріс күту дұрыс емес. Бұл жай ғана қосымша курс. Домбыра сабағына барғандардың бәрі домбырашы, күйші болып кетпейтіні сияқты. Бала бос жүргенше ментальді арифметикаға барсын. Әрине, жас мөлшері шектеуін есепке алған абзал. Балақайды емес бозбаланы ментальді арифметикаға апарғаннан дым шықпайды. Айтпақшы, біздің мектепте бір мұғалім ақысыз түрде аптасына бір рет кішкентай балаларға ментальді арифметикадан сабақ беріп жүр (аты-жөні еске түспей тұрғаны).
Астана қаласындағы №83 мектеп-гимназиясының ментальді арифметиканың тренер мұғалімі Гүлжан Төлегенқызы: Негізі мамандығым бойынша орыс мектептерінде қазақ тілі пәнінің мұғалімімін. 20 жылдық еңбек өтілім бар. Мұғалімдер квалификациясын көтеру үшін Кэмбриджік курсқа қатысатынын білетін шығарсыздар. Мен сол курсқа қатыстым. Содан кейін стресс алдым. Инсультке ұшырадым. Нейрохирургтар маған шұғыл арада жұмыс орнын, саламды өзгертуді кеңес берді. Балам ғаламтордан ментальді арифметика жайлы оқып отырғанын көзім шалып қалған. Қызығып мен де қарадым. Қытайға барып ментальді арифметиканы оқып шықтым. Нәтижесінде ағаштай болып жұмыс істемей, икемсіз қалған қолым жазылды. Өзімді жақсы сезіне бастадым. Өмірге қайта келіп, өз-өзімді табуыма ментальді арифметика қатты көмектесті. Жалпы, ментальді арифметика ҚХР-да сал аурынан ем ретінде қолданылады екен. Себебі қолмен есептейсің, көзге елестетесің, санайсың, сөйлейсің. №83 мектеп-гимназиясының директоры Сәуле Ермұханқызының алдына келіп бастан өткергенімді, жағдайымды баяндадым. Ол кісі ментальді арифметиканы мектеп бағдарламасының міндетті 45 минуттық сағатына енгізуді ұсынды. Сәуле Ермұханқызының ментальді арифметика жайлы білетіні көп екен. Ұсынысты қабыл алуына да сол әсер етті. Шетелге олимпиадаларға шыққанда ментальді арифметика курсына барған балалалар көбірек жүлделі орынға ие болатынын байқаған директор маған 12 сағат бөлді. Біздің мектепте 26 бірінші сынып бар. Солардың бәріне аптасына бір рет орыс, қазақ тілінде сабақ беремін. Ата-ана ол жеткіліксіз десе, ақылы түрде қосымша курсқа жаздыра алады. Бір байқағаным жарты жылдан соң прогресс көзге көріне бастайды. Адам алдыңғы миымен ойлауға үйреніп қалған. Ментальді арифметика мидың оң жақ бөлігін қимылдатып, ойлатуға әсер етеді. Қайталап айтамын, оған тек балалар ғана емес ересектер де барса болады.
Диана Снегина, танымал радиожүргізуші: 2 балам да ментальді арифметикаға барған. Жарты жыл көлемінде. Қазір үзіліс жасап, бармай жүрміз. Бірі ол кезде12 жаста, бірі 10 жаста болатын. Сабақ үлгеріміне нақты әсер етпесе де өз басым балаларымның бойынан жинақылықты байқадым. Бір сағат компьютер ойындарын ойнағанша бала ментальді арифметикаға барғаны дұрыс. Мен балаларыммен бірге алғашында курстарына барып тұрдым. Әр сабақ қызық болып өтеді. Іш пысты, ұйқым келді деген әңгіме жоқ. Уақыттың қалай зырғып өткенін байқамай қалдық. Маған салса, ментальді арифметиканы шетелдегідей міндетті мектеп бағдарламасына енгізер едім. Одан пайда көрмесек, зиян шекпейміз. Бос уақытым көбірек болғанда өзім де ментальді арифметикаға жазылар едім.
Қарақат Әбілдина, танымал әнші, көп балалы ана: Мен негізі мектепті емес, мұғаліміне қарап мектеп таңдайтын ата-анамын. Әлия Әбуқызы – 37 жылдық еңбек өтілі бар ерекше құрмет тұтатын, сыйлайтын адамым, ұстазым. Ол кісі №66 мектепте сабақ бергендіктен балаларымды да сол оқу ошағына апардым. Ментальді арифметикаға басында қызыққаным рас. Балаларымды курсқа бермес бұрын бастауыш мұғаліммен ақылдасуды жөн көрдім. Ол түпкілікті қарсы болды. Әлия апайдың айтуы бойынша ментальді арифметика баланы «робот» қылады. Себебі бала цифрларды қосады, шешімін ауызша айтады, бірақ шешілу жолдарын түсіндіріп бере алмайды. Түсіндіріп бере алмаса, одан не пайда, не мән бар? Әлия Әбуқызының айтқанының жаны бар. Келіспеске болмайды. Балаларымның жалпы бос уақыты аз. Қазіргі мектеп бағдарламасы да оңай емес. Қосымша ретінде балаларымды шахматқа, спорттық гимнастикаға, домбыра үйірмелеріне жіберемін. Ментальді арифметикаға сөйтіп бармаймыз.
Әлия Әбуқызы, Астана қ. №66 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, білім беру ісінің үздігі: Сыныбымда басында 2 бала ментальді арифметикаға баратын. Мен олардың ондай курсқа баратынын білмедім. Байқағаным тез есептейді. Бірақ ол қалай шықты дегенде үндемей тұрады. Мәтінді есеп, логикалық сұрақтар болғанда бала абдырап қалады. Сөйтсем олар ментальді арифметика курсына барады екен. Сосын ата-аналарына звондап, курсқа баруды уақытша тоқтатуды өтіндім. Қанша дегенмен 37 жылдық тәжірибем бар. Өзімді қателестім деп ойламаймын. Ментальді арифметиканы мектептің міндетті бағдарламасына енгізгісі келсе, оған бөлек мұғалім алу керек сияқты. Мұғалім өзі жақсы білетін нәрсесін ғана басқаға үйрете алады.
Журналистік қорытындылау
Балаңызды ментальді арифметикаға бересіз бе, бермейсіз бе өзіңіз шешіңіз. Қаржыға қараңыз, неге бейім екенін анықтаңыз. Бұл, меніңше, ең дұрыс қорытынды. Бірақ жан-жақты ақпаратпен қаруланып алғаныңыз жөн.
Жазира Байдалы
Сабақтың тақырыбы: | Жаңаша оқу заман талабы |
Мақсат: | Оқушылардың оқу білім алуда, дамытуда жаңа тәсілдерді өз тәжірибесінде қолдану арқылы оқу үдеріснің даму деңгейін қалыптастыру. Оқушының ақыл ойын, логикасын дамыту |
Күтілетін нәтиже | Сабақ барысында кездесетін түрлі қиындықтарды жеңе білуге дағдыланады. Топпен ынтымақтаса жұмыс жасаудың заман қажеттілігі екенін ұғынады. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды. |
Көрнекілік | интерактивті тақта , таратпа қағаздар, видео көрініс |
Әдісі: | сұрақ-жауап, пікірталас, СТО |
Сабақ барысы | |
Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті |
Ұйымдастыру 5 минут Психологиялық ахуал | Оқушылармен амандасу, өз-өзімді таныстыру Көңіл күйлерің қалай? Сабаққа дайынбыз ба? Оқушылар назарын сабаққа аудару Күлегештер арқылы оқушыларды топқа бөлу (берілген тапсырма бойынша үш тілде таныстыру, топқа бөліну) |
Жаңа білім 5 минут | Видео көрініс Не түсіндік? Тез есептеу жолдары туралы білемізбе? Кім қолданып көрді? Оқу тәрбиесінде жаңаша оқудың тиімділігі неде деп ойлайсыңдар? Есептің жауабын шығарудың бұл тәсілін ғылымда ментальды арифметика деп аталады. Бұл тәсіл адамды жылдамдыққа, ептілікке, тез ойлап, жылдам шешім қабылдауға үйретеді. Қысқасы, көне тәсілдің адамға келтірер пайдасы мол. Ментальды арифметика ғылымы осыдан 5000 жыл бұрын пайда болған. Математиканың бұл бір саласы әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қолданылады. Бұл жүйе елімізге де енгізілген. Сабақ барысында «абакус» деп аталатын арнайы формула қолданылады. Ол берілген тапсырмаларды шешуге көмектеседі. Қысқаша түсініктеме:
Мысалы: 64-тен 1-ді аламыз, 100ден 64-ті аламыз 99*64=6336 99*44=4356 99*75=7475 |
Тапсырма 10 минут | 1 топқа Жаңаша оқытудың тиімді жақтары 2 топқа Жаңаша оқытудың тиімсіз жақтары 3 топқа Ортақ ұқсастықтары |
Бекіту тапсырмасы 3 минут | 5 саусақ әдісі |
Қорытындылау 2 минут | Оқу бағытындағы жаңаша оқу заман талабы тақырыбын алу себебіміз, Біздің ең әлсіз жерімізді жаңа тәсіл арқылы ОЖСБ және ҰБТ-дан алға жетелей аламызба деген мақсатпен алып отырмыз. Осымен сабағымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет! |
Менталды арифметика
Материал жайлы қысқаша түсінік: 3-14 жас аралығы математикадан
Менталды арифметикаМенталды арифметика деген не? Оның негізі қайдан шыққан? Қазір көпшілігі балаларын неге осындай орталықтарға беруге үйір? Санада сауал көп. Жауап іздеп көрейік.
Менталды арифметикада бала ойша есептеуді үйренеді. Барынша тез әрі сауатты есептеуге дағдыланады. Тіпті қолыңызда тұрған есептегіш калькулятор да менталды арифметиканы меңгерген баладан қалып қоюы мүмкін.
Сонымен бұл әдіс қайдан келген бізге? Бұл Азияда 1993 жылдан бастау алыпты. Оның негізін қалаған Малайзия елінің профессоры Дино Вонг екен. Еліміздің бірнеше облысында менталды арифметиканы үйрететін оқу орталықтары бар. Жуырда қаладағы Білім академиясы оқу орталығында оқитын балалармен тілдесіп, олардың қабілеттерін көзбен көрудің сәті түскен еді.
Білім академиясында 4-15 жас аралығындағы балаларды оқуға қабылдайды. Бір қызығы, менталды арифметиканы кез келгені игеріп кете алмайды. Мұны әрине, мамандар айтып отыр. Ол баланың ақпаратты қабылдап, мида қорытуына байланысты.
— Оқу орталығында балаларға сабақ беретін мамандарда педагогикалық білім болуы қажет. Салаларына қарай балаларға білім береді. Менталды арифметиканы үйрететін мамандардың өзі соны оқытатын курстан өтіп, сертификат алғаннан кейін ғана сабақ бере алады. Кез келген педагог аталмыш әдістен білім бере алмайды. Бір кезде кез келген қосу-көбейтуді, алу-бөлуді қолын әнтек көтеріп, бірнеше секундтың ішінде ойша есептей қоятын балаларды телеарналардан, интернеттен көргенде бұл бір вундеркинд балалар екен дегенбіз. Ресей телеканалындағы Пусть говорят бағдарламасында тележурналист А.Малахов бір жолы дарынды балалар туралы хабар өткізді. Сол түсірілім-де астаналық тоғыз жасар Даниярды көрсеткен еді. Данияр бұдан кейін де интернет пен бұқаралық ақпарат құралдарынан түспеді. Жұртшылық сонда оны аса дарынды деп таңдай қаққан. Бұл балалар қалайша калькулятордан да жылдам есептейді десек, менталь-ды арифметика әдісімен оқыған екен.
Ментальды арифметиканың оқушыға қажеттігіне келсек, жұрттың пікірі екіге жарылады. Бірі бұл әдісті баланың ойын дамытатын тамаша құрал деп есептейді. Осы әдісті оқытушылардың сөзіне сенсек, бұл балалардың ойлау дағдысын, ақпаратты жылдам қабылдау мүмкіндігін арттырады дейді. Яғни, бала бір уақытта бірнеше істі (есту, көру, сөйлеу, қозғалыс, т.б.) қатар атқара береді. Бұл, әсіресе, оқушының назарын шоғырландыруға септігін тигізеді.
Адамның қолымен, кейін ойша жүзеге асырылатын есептеу тәсілін балалар 4-12 жас аралығында жақсы қабылдай-ды екен. Балалар математикалық тапсырмаларды абакус деп аталатын арнайы құралда саусақ бұлшықеттерінің көмегімен орындайды. Кейін осы құралды көзге елестету арқылы ойша есептейді. Тұрақты машығы бар бала есепті жылдам шығарады.
Бүгінде ментальды арифметикадан түрлі халықаралық жарыстар ұйым-дастырылып жүр. Кейде мұндай жа-рыстар онлайн түрінде өткізіледі. Осын-дай бір онлайн-жарыста қазақстандық 7 жасар Азамат Нұқаев 5 мың студентті шаң қаптырып, бірінші орын алған. Азамат сол жолы 69 мың (!) тапсырманы дұрыс шеше алыпты. Тәжірибелі мамандардың айтуынша, Малайзия мен Австралиядан тәжірибелі қарсыластар кездескен екен.
Ментальды арифметика шамамен осыдан 5 мың жыл бұрын пайда болған. Білім беру бағдарламасына кіргеніне — 22 жыл. Әлемнің елуден астам елінде 5 миллиондай бала осы әдісті меңгеріп жатыр. Корей, Қытай, Малайзия, Жапон елдерінде бұл әдіс білім бағдарламасына енген. Ал бізде
139+256+312+124-465+214-345=? Сіз осы есепті санаулы секундта шығара аласыз ба? деп басталатын жарнама көрсеңіз, ментальды арифметика екенін біле беріңіз. Бүгінде екінің бірінің аузында осы сөз. Жарнамасы өтіп тұрған ментальды арифметиканың танылғанына соншалық көп болмаса да, қаламызда бүгінгі таңда осы әдіспен оқытатын 5-6 орталық ашылыпты. Бұл Екібастұз қаласы үшін аз емес. Әрине, бәсекеге қабілетті орталықты ата-аналар өзі таңдайды. Әйтсе де, бізді қызықтыратыны – олардың сапасы.
Сонымен, балаңызды Тұлпар сауда үйінде орналасқан ментальды арифметика орталығына апарам десеңіз, айына 15 мың теңге ақшаңызды да-йындай беріңіз. City Mall сауда үйінде мұндай оқыту үшін айына 16 мың тең-ге шығындайсыз. Сонда жылына тек балаңыздың курсына ғана шамамен екі жүз мың теңге ақша жұмсайсыз. Бұл — шамамен оқу орнының сырттайғы бөлімінің бір жылдық тө-лемі. Енді есептей бе-ріңіз. Менталь-ды арифме-тиканың 12 деңгейі болады. Бір деңгей-ді үш-төрт ай оқиды. Сонда он екі деңгейді толық оқу үшін 4 жылдай уа-қыт кетеді. Айта кететін жай, сабақ ап-тасына 2 сағаттан бір немесе екі рет қана өтіледі. Яғни, бір айда жеткіншек төрт-ақ рет сабаққа барады. Қалған уақытта балалар берілген тапсырмаларды үйде орындайды.
Ментальды арифметика курсын оқы-туды қаламыздағы Қайнар ББК де қолға алыпты. Мұнда ай сайынғы оқу ақысы — 9 мың теңге. Оқу құралдарын есептемегенде, жылына 100 мың теңгенің үстінде ақша жұмсалады.
Оқырманды қызықтыратыны, әлбет-те, оқудың сапасы. Сапа дегенде, ата-аналарды балаларына аталған әдіспен сабақ беретін мұғалімдердің білімі де қызықтырса керек-ті. Оқушыларға тәлім берушілердің басым көпшілігі көршілес Ресей елінен әлі де білім алып жатыр. Ашылғанына көп бола қоймаған орталық мұғалімдерінің деңгейі оқушылардан екі-үш деңгей ғана жоғары. Көбі (мұғалімдердің) әлі де оқуын жалғастырып жатыр. Әзірге орталықтарда ментальды арифметиканы толық деңгейде меңгеріп шыққандар жоқ екен.
Жарнама демекші, орталықтарға ба-лаңызды апара қалсаңыз, ментальды арифметиканың баланың зеректігіне, өз-өзіне сенімді болуына, көшбасшылық қасиетін арттыруға тигізер пайдасы жөнінде тегін мағлұмат аласыз. Бала-сының кез келген есепті шемішкеше шағып тұрғанын кім қаламайды дейсіз? Дегенмен, мұның нәтижесін ұзағырақ күтуге тура келеді. Әрі қаламыздағы орталықтардың сапасы мен олардың берген нәтиже-сі туралы да нақты біле алмайсыз, сізге дейін оқытқан ата-аналардың не мұғалімнің айтқанына сенуге тура келеді. Өйткені жоғарыда айтып өткендей, бізде әзірге толық деңгей меңгерген адам жоқ. Жалпы, мұндай орта-лықтардың қаламызда ашыла баста-ғанына бір жарым жылдай ғана уақыт болған.
Ал ментальды арифметика туралы жарнамаларға келсек, мұны маркетингтік қадам деп бағалауға болады. Себебі ғалымдардың пікірінше, балалардың 5 пайызы ғана тумысынан дарынды болып келеді. Олар тек математикалық тәсіл ғана емес, түрлі ғылымдарды бойларына жеңіл сіңіреді. Ал ментальды арифметика – бұл есептеудің тәсілі ғана, мұндай әдісті кез келген бала меңгере алады. Ол жылдам есептеуге ғана баулиды. Бұл қасиеттің оған есейгенде аса керегі бар ма, жоқ па, бұл бөлек әңгіме.
Атышулы әдіс жөнінде жұрт пікірі де әрұдай. Бірі балаға керек десе, екіншілері бүлдіршіннің жүйке жүйесіне күш салатынын көлденең тартады. Расында, онсыз да қажетті-қажетсіз ақпарат көбейіп тұрған кезеңде бала санасына салмақ түсіретін нәрселерді көбейту дұрыс бола ма? Балалар күні бойы компьютерде, ұялы телефондарда отырады. Одан қалса, теледидар, сабағы бар.
Бір невропатолог дәрігер өзінше бақылау жүргізіп, лицей, тереңдетіп оқытатын интеллектуалды мектеп балаларының ауруханаға бас ауруымен жиі түсетінін анықтаған екен. Яғни, жеткіншектердің жүйке жүйесіне түрлі курстар мен қосымша үйірмелер де салмақ салады деген сөз. Аз уақыт ерекшелену үшін бүлдіршіннің басын қатырудың қажеті бар ма, ойлы оқырман оны өзі шешеді.
Ментальды арифметика орталығына барып, баласының оқу үлгерімі жоға-рылады деушілер бар. Бұл, әсіре-се, бастауыш сынып оқушыларында байқалған және математика пәніне қатысты. Математика пәнінің бастап-қы кезінде ауызша есептер көп шы-ғарылады. Мұндайда ментальды арифметиканың көп көмегі тиері сөзсіз. Енді ата-аналар пікірін тыңдап көрсек
— Математика пәніне құлықсыз болатын. Қазір мұғалімінен мақтау естіп жүрміз. Мектептегі бағамыз жақсар-ды. Орталыққа барғанымызға еш өкін-бейміз, — дейді Ардақ.
Бауыржан есімді жігіт ойын былай жеткізді:
— Баламның есте сақтау қабілеті артқан секілді. Бірақ күрделі есептерге сол бұрынғысынша тісі батпайды. Әсіресе, сөз есепке келгенде шорқақ. Себебі оның шартын өзі құруы керек. Осы әдіс арқылы бала вундеркинд болып кетеді дегенге сенбеймін. Бұл – машық қана.
— Елдің бәрі мақтап жатыр. Бірінші сыныпқа баратын қызымды апарып көрсем деймін. Зейінін дамытса, ол да көмек, — деп пікірін білдірді Айна.
Ментальды арифметика туралы физика-математика ғылым-дарының докторы, профессор Асқар Жұмаділдаев та пікірін біл-діріпті. Асқар ағамыз бұл тәсілді ғылыммен шатастырмау қажет дейді.
— Біреу шойын темірді майыстырса, келесісі биік өкшемен жүгіріп жарысады. Бірақ оны спорт деуге келмейді. Сол сияқты, ментальды арифметика да ғылым емес. Ол математикалық тәсіл ғана, — деген ғалым ментальды арифметиканы мектеп бағдарлама-сына енгізуге қарсы екенін айтады. Дегенмен А.Жұмаділдаев бұл әдісті меңгеру миды шынықтыруға, есте сақтау қабілетін арттыруға мүмкіндік бере-тінін жоққа шығармайды.
Сонымен, ментальды арифметика – ғылым емес, математикалық тәсіл. Оны кез келген бала меңгере алады, сондықтан оларды вундеркинд деп ұлықтаудың қажеті жоқ. Психолог маманның сөзіне сенсек, бұлайша дәріптеу балалардың өзін-өзі бағалау түсінігіне кері әсерін тигізеді екен. Ментальды арифметика балаларды ой ұшқырлығына баулиды, жылдам шешім қабылдауға дағдыландырады. Дәл осындай нәтижеге түрлі жұмбақтарды шешу арқылы да қол жеткізуге болады. Бұл — талай жылдар бойы дәлелденген аксиома. Ауыз әдебиеті, хисса, аңыз-дастандардың таралуы да дала халқының есте сақтау қабілетінің аса жоғары дамығанын көрсетсе керек. Дала даналығының терең философиясының кілті де, міне, осында жатыр.
Жаңа әдістің пайдалы тұстары бар. Қалтаға да жеңіл емес екені белгілі. Балаңызды заман ағымынан, жаңа сәннен қалдырмаймын десеңіз, әлбетте, таңдау құқығы өзіңізде.
Менталды арифметика курсы 10 деңгейден тұрады, ал оқыту ұзақтығы 3-3,5 жылды құрайды. Яғни, бір деңгейді шамамен 3-4 айға оқыту жоспарланып, балалар жас ерекшелігіне қарай топтастырылады. Мұнда бастапқы деңгейде балалар абакус құралын пайдаланып, есеп шығарады. Кейін көз алдарына сол абакусты елестете отырып есептейді. Бастапқы кезеңде балалар абакусты көз алдына елестету кезінде екі қолын да қолданады. Бұл кезде мидың оң жақ және сол жақ жарты шарлары теңдей жұмыс істейді. Яғни, осы уақытта оқу да, ойлау да миға тез қонады. Ал, бағдарлама соңында балалар тек алу мен қосуды ғана емес, көбейту мен бөлуді де, тіпті, санның түбірін табуды да еш қиындықсыз есептейтін болады.
Біз барғанда аталмыш оқу орталығында білім алатын балалар кәдімгі екі таңбалы сандарды ойша қосып, азайтып, есепті еркін шеше алатын деңгейлерін анық көрсетті. Мәселен, сіз 30-ға 40-ты қосып, одан 24-ті азайтып, 112-ні қос десеңіз, бала сандарды көз алдына елестету арқылы небәрі 5 секунд ішінде жауабын айтып бере алады.
Жалпы, есептеудің бұл әдісін математик мамандар қолдайтындықтарын жарыса жеткізіп отыр.
— Менталды арифметика дарынды балаларға арналған курс деп есептеймін. Баланың мұндай курстарға барып, оқығанын құптаймын. Өйткені менталды арифметиканы терең меңгерген бала логикалық есептерге де жүйрік келеді. Баланың ойлау жүйесін барынша дамытып, зейінді болып өсуіне жағдай жасайды. Мәселен, тестілеу кезінде де бала есептерге көп ойланып, уақытын жоғалтпайтын болады. Бұл – жақсы әдіс,-деді Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі №36 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Р.Махамбетжанова.
Қысқасы, бұл бағдарламамен оқыған баланың зейіні артып, есту қабілеті жақсара түседі екен. Баланы жылдамдыққа, тез ойлануға және тапқырлыққа тәрбиелейтін білімнің артықтығы болмайды. Бастысы, болашағы үшін үлкен жол ашса болғаны.
ҚАЗАН НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ
Менталды арифметика
(Мектепішілік оқі ісі жөніндегі орынбасар жанындағы кеңесіне баяндама)
Дайындаған: Қайролла М.М.
2017-2018 оқу жылы
Ментальді арифметика
Материал жайлы қысқаша түсінік: Ментальді арифметика әдісі он сатыдан құралған. Алғашында оқушы бір таңбалы сандарды қосу, алу амалдарын тез шешуді үйренеді. Мұнан соң күрделі есептерді ойша жылдам орындау тетігін меңгереді.
Головной мозг человека разделен на левое и правое полушарие. Исследования показывают, что форма двух полушарий похожа, но функции у них разная. Левое полушарие имеет тесные связи с работой языка, абстрактного мышления и логического мышления. Правое полушарие имеет дело с объектом мышления: изображение, формы, творческое мышление и интуиция. Большинство людей считают, что функции левого полушария преобладают над функциями правого полушария, а физиологи и психологи считают, что потенциал правого полушария должен использоваться больше. Идеальным методом является одинаковое использование обоих полушарий.Одной из уникальных методик развития интеллектуальных способностей человека является ментальная арифметика. С помощью этого курса ребенок повышает свой интеллектуальный уровень, улучшает память и способность глубокого мышления, раскрывает потенциал, учится выполнять несколько действий одновременно. И это далеко не полный список возможностей, которые раскрывает в человеке ментальная арифметика. Методика рассчитана на детей в возрасте от 5 до 12 лет, которые объединяются в разные возрастные группы. Курс длится от 2 до 2,5 лет, в зависимости от уровня знаний ребенка. Классическая система образования не предполагает развития двух полушарий мозга. В то время как ментальная арифметика раскрывает их огромный потенциал и позволяет работать двум полушариям одновременно. Навыки, приобретенные на занятиях, остаются на всю жизнь. Такой человек будет отличаться высокими интеллектуальными способностями и легко достигнет успехов, как в выбранной профессии, так и в отношении с окружающим миром.СоробанНе станем отрицать тот факт, что японская нация считается одной из самых умных, если не самой умной в мире. Этому служит множество факторов. Одним из них является методика устного счета «соробан», которая практикуется в Японии. В ней используются специальные счеты Соробан (абакус). Это самое быстрое механическое счетное приспособление на земле. Они отличаются от наших традиционных и достаточно сложные для восприятия. Но в японских школах эта методика входит в программу базового образования. Поэтому к 7 годам японские школьники с легкостью решают любые математические и логические задачи за считанные секунды. Соробан позволяет работать мозгу двумя полушариями, что делает человека гораздо более интеллектуально развитым. И на это способен абсолютно любой ребенок. Особенно, если приступить к занятиям в раннем возрасте.Школа устного счетаНаш центр развития интеллекта предлагает приобщить вашего ребенка к уникальной японской методике обучению «устный счет». Всего за несколько часов занятий в неделю, которые предполагает школа устного счета, ваш ребенок научится через несколько лет выполнять устный счет сложных математических действий. Он будет гораздо легче и эффективней учиться в школе, будет более эрудирован и коммуникабелен. Такие дети быстро принимают решения и точно знают, что им нужно. Кроме того, методика «устный счет» не вредит основным занятиям и увлечениям ребенка. Она не предполагает длительных и изнурительных занятий. Но в то же время очень эффективная. Пространственное воображение, которое развивает школа устного счета, помогает человеку во всех сферах жизни. К сожалению, в нашей стране школа устного счета достаточно редкое явление. Но с каждым годом все больше людей приходят к мнению, что будущее нации за интеллектуальным развитием подрастающего поколения. Поэтому такие центры никогда не остаются без внимания прогрессивных родителей.Благодаря нашему центру интеллектуального развития ваш ребенок получит навыки и знания, которые помогут ему на пути к становлению успешной и уверенной в себе личности с высоким уровнем интеллектуального развития.Альберт Эйнштейн, всемирно известный ученый и мыслитель, шокировал научное сообщество, когда предложил «теорию относительности». С помощью творчества и воображения правого полушария, он представлял взаимодействие пространства и времени в его сознании и преодолел ограничение в трех измерениях. В то же время, он также использовал дедукцию и логику левого полушария, чтобы доказать и выяснить научную и математическую ценность теорий. Поэтому, когда левое и правое полушария головного мозга объединяются и эффективно используются вместе, результаты могут быть поразительными.Все мы хотим, чтобы наш ребенок был успешным человеком! Как воспитать своего ребенка таким? — эти вопросы занимают каждого любящего родителя.На сегодняшний день, много центров и клубов, предлагающих развивающие программы для детей. Все они предлагают одностороннее развитие ребенка — это музыка, творчество, подготовка к школе, театральные студии, шахматы и т.д. Во всем этом сложно разобраться, что же лучше подойдет нашему ребенку, что бы стать разносторонне развитым, ведь заниматься абсолютно всем невозможно.На самом деле ему необходимо научиться извлекать их из памяти нужную информацию в нужный момент, уметь оценивать, анализировать, делать выводы – и, самое, главное! – достигать поставленных целей. Самым эффективным инструментом в любых руках для достижения поставленных целей является Интеллект. Ведь это нечто большее, чем книжная ученость, умение петь, играть в шахматы или умение хорошо сдавать тесты. Это умение пользоваться своими знаниями. А эффективный интеллект – это способность получать, обрабатывать и использовать знания с максимальным эффектом, способность действовать в направлении желаемых целей.Курс ментальной арифметики направлен на развитие интеллектуальных способностей, дети закладывают твердую основу для дальнейших академических успехов и развития личности. В результате освоения программы ментальная арифметика ребенок, например, может сложить пятизначные числа за несколько секунд, но это не единственный результат.Благодаря ментальной арифметике развивается и улучшается:Түсінік хатМентальді арифметика әдісі он сатыдан құралған. Алғашында оқушы бір таңбалы сандарды қосу, алу амалдарын тез шешуді үйренеді. Мұнан соң күрделі есептерді ойша жылдам орындау тетігін меңгереді.Балалардың ақыл-ой қабілетін ойда санақ жүргізу арқылы дамытатын әдістеме. Осы әдістеменің көмегімен бала күрделі арифметикалық амалдарды (қосу, азайту, көбейту, бөлу, санның түбірін табу) бірнеше секундта ойда немесе арнайы “абак” деп аталатын шоттың көмегімен есептеп шыға алады.Біздің миымыз 2 жартышардан құралады: оң жақ және сол жақ. Ұшқыр қиялға мидың оң жақ бөлігі жауап берсе, сол жақ бөлігі логикаға жауапты. Мидың оң жақ бөлігінің потенциалы айтарлықтай жоғары.Мидың екі жартышарын дамыту үшін ментальді арифметиканы жаңа үйреніп келе жатқан балалар шотпен есептеген кезде екі қолының саусақтарын бірдей пайдаланады. Сөйтіп, арифметикалық амалдарды есептеп үйренеді.Бұл кезеңнен сәтті өткен бала амалдарды ойда есептеп үйренеді. Ойда әр есеп жүргізген сайын баланың шоттан тәуелсіздігі қалыптасып, біраз уақыттан кейін ол шотты тек ойында елестету арқылы үлкен разрядты сандарды бірнеше секунд ішінде есептейді.Ментальді арифметика оқушылардың интелектуалды ойлау қабілетін дамытудың бірегей әдісі. Бұл курстың көмегімен оқушы өзінің интелектуалды деңгейін, есте сақтау, терең ойлау қабілеттерін және бір мезгілде бірнеше әрекет жасауды үйренеді. Ментальді арифметика оқып үйренген оқушы басқалардан өзінің интелектуалды ойлау қабілетімен ерекшеленіп, таңдаған мамандығы болсын, қоғамда болсын көздеген мақсатына оңай жетеді. Мақсаты: Ментальді арифметика әдісі арқылы оқушылардың интелектуалды ойлау қабілеттерін дамытып, жеке тұлға қалыптастыру
«Ментальді арифметика» педагогикалық жобасыныңЖОСПАРЫ
№ | Тақырыбы | Мерзімі | Ескерту |
1 | «Абак» шотымен танысу | Қыркүйек | |
2 | «Абак» шотымен санау | Қазан | |
3 | 1,2,3,4 сандарын қосу | Қараша | |
4 | 6,7,8,9 сандарын қосу | Желтоқсан | |
5 | Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосу | Қаңтар | |
6 | Екі таңбалы сандарды қосу | Ақпан | |
7 | Екі таңбалы санға үш таңбалы санды қосу | Наурыз | |
8 | Үш таңбалы сандарды қосу | Сәуір | |
9 | Қосу мен азайту | Мамыр |
«Ментальді арифметика» педагогикалық жобасының ЕРЕЖЕСІІ. Жалпы ережелер.Бүгінде интеллектуалды және жеке даму мәселесінің маңызы күн санап артып келеді, себебі біз сандық, жедел дәуірде өмір сүреміз. Әлем қарқынды түрде өзгеріп жатыр. Қоғам жаңа форматта ой өрбіте алатын, дамыған сыни көзқарасы Ментальді арифметика әдісі он сатыдан құралған. Алғашында оқушы бір таңбалы сандарды қосу, алу амалдарын тез шешуді үйренеді. Мұнан соң күрделі есептерді ойша жылдам орындау тетігін меңгереді. Осы жобаның көмегімен бала күрделі арифметикалық амалдарды (қосу, азайту, көбейту, бөлу, санның түбірін табу) бірнеше секундта ойда немесе арнайы “абак” деп аталатын шоттың көмегімен есептеп шыға алады.
ІІ. «Ментальді арифметика» жобасының мақсаты мен міндеттері: Мақсаты:Оқушылардың интелектуалды және логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, математикаға қызығушылығын арттыру.Міндеттері:
ІV. ҚорытындыМентальді арифметика оқушылардың интелектуалды ойлау қабілетін дамытудың бірегей әдісі. Бұл әдістің көмегімен оқушы өзінің интелектуалды деңгейін, есте сақтау, терең ойлау қабілеттерін және бір мезгілде бірнеше әрекет жасауды үйренеді. Ментальді арифметика оқып үйренген оқушы басқалардан өзінің интелектуалды ойлау қабілетімен ерекшеленіп, таңдаған мамандығы болсын, қоғамда болсын көздеген мақсатына оңай жетеді.
«Ментальды арифметиканы даладағы дворник те бере алады…»
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ
«Балаңыздың кез келген есепті жылдам әрі дұрыс шешіп үйренгенін қалайсыз ба? Ендеше ұл, қызыңызды ментальды арифметика курсында оқытыңыз. Мұнда бала есепке жүйрік болуымен қатар өз-өзіне сенімді болуға, көшбасшылық қабілетін арттыруға мүмкіндік мол. Оқыту үрдісі қызықты әрі нәтижелі. Мектепке 4 пен 12 жас аралығындағы балалар кез келген уақытта қабылданады».
Шыны керек, соңғы уақытта ел ішінде осындай таңдай қағып, таңқалдырарлық жарнама желдей есіп тұр. Тіпті, теледидардан, интернеттегі түрлі бейнероликтерден ойша есептеу орталығына баратын балалардың ондықтарды ғана емес, жүздіктерді де еш қиналыссыз алып-қосып жататынын көргенде еріксіз таңданасың. Күрделі есептерді есептегіш құралға сүйенбей, қағаз, қаламсыз-ақ шығарып жатқандығын көріп, қызыға қарайсың. Сондай балалардың бірі астаналық тоғыз жасар Данияр Ресейдің арнайы бағдарламасына қатысып, көрермендерін таңқалдырғандығын күллі жұрт көрді. Ал, қатарластары арасында өзін ерекше санайтын Данияр бағдарлама барысында ойша есептеу орталығына барудағы мақсатын сұрағандарға «Мама просто хотела, чтобы я прокормил семью» деген болатын.
Тоғыз жастағы баланың аузынан шыққан бұл сөзден әркім өзінше ой түйген де болар… Есептерді санаулы секундтарда ауызша есептеп шығарған баланы «қорқынышты адамның» қатарына кіріктіргендер де болды. Қысқасы, алғыр баланың арқасында ойша есептеу орталықтарының жарнамасы тіптен артты дерсің.
Ағайды танисыз ба?
Осыдан кейін әр ата-ананың санасына «баламды осындай орталыққа неге бермеске деген ой келеді. Соның бірі – мен. Бірақ, ойымды бірден жүзеге асыру мүмкін болмады. Арада біраз уақыт өткенде жақын достарымның бірі «ватс ап» арқылы Талдықорғанда ашылған ойша есеп орталығы туралы мәлімет жіберіп, аяқ жағына балаңды осында берсеңші деп жазыпты. Жіберілген жарнамадағы атауына қарасам ағылшын тілінде екен. «UCMAS» (ЮСИМАС ) деп аталады. Мұны көріп одан әрмен қызығушылығым артты. Алайда, орталық кеңсесі Жансүгіров көшесінде орналасқандықтан ол жаққа барып келу жағын тағы ойлап… кібіртіктеп жүріп біраз уақыт өтіп кетті. Қысқы каникулдан кейін әлгі досым тағы сол «ватс ап» арқылы ойша есептеуді үйрететін тағы бір орталықтың ашылғанын айтып жазыпты. Аталмыш орталықтың тәлімгерлеріне мектептен арнайы кабинет беріпті. Әрі бағасы өзге орталықтармен салыстырғанда қолжетімді, небары – 5400 теңге. Ал, алдыңғысының бағасы 12 мың теңге еді.
Қысқасы, орталық тәлімгерлері аптасына екі сағат мектепте өз сабақтарын өткізеді. Ойша санауды үйренгісі келетін әр оқушының жазылуына болады. Алғашқы бір ай тегін оқытылғанымен, сабаққа қажетті есептеуіш шот пен кітапты 3000 теңгеге сатып алуы тиіс. Одан кейінгі екінші айдан бастап қана ақы төлейсіз.
Осылай деп үйдегі балам да айтып келді. Ертеңгісін телефонға сынып жетекшісі хабарласып, балаңыз ментальды арифметиканы оқығысы келсе жазылуына болады деді. Көп ойланбай, балама «барып көр, ұнап жатса ары қарай жалғастырарсың» дедім.
Алғашқы күні-ақ, одан сабақтың қалай өткенін, мұғалімінің аты-жөнін сұрадым. Бала аузынан шыққан есім таныс болып көрінді. Іштей «еее, онда бұл мықты математик мұғалім болды ғой» деп ой түйіп қойдым. Осылайша, арада бір апта зуылдап өте шықты. Екінші аптасында барғанда кабинет болмағандықтан, сабақ өтпеді деп қайтты. Үшінші мәрте де тағы солай. Осы аралықта мерекелік күндер де басталып кетті. Бірде балам маған «анашым, сізге ментальды арифметикадан беретін ағайдың суретін көрсетейін бе?» деді. «Жақсы, көрсете ғой» дедім. Тәлімгер ағайдың суретін көріп, таң қалғаным рас енді. Біріншіден, ол мен ойлағандай математик болмай шықты, екіншіден, бұл жігіттің мүлдем басқа салада қызмет ететіні. Менің таңырқаған кейпімді көрген балам: «анашым бірдеңе болып қалды ма?» деді.
Оның бұл сөзіне нендей жауап қайтару керектігін білмей абдырып қалдым.
– Ағайды танисыз ба? – деді ол тағы да. Балаға өтірік айта алмайсың ғой. –Танимын, ол – жақсы ағай , – дедім.
Расында да оның жақсы адам әрі мықты маман екендігіне еш шүбә келтірмеймін. Бірақ, көңіл түкпірінде сан түрлі ойдың қылау бергені рас.
Ендігі ой, өзге мектептерде ментальды арифметиканы оқытып жүрген кімдер екенін сұрастырып білу керек болды. Сөйтіп, өзім білетін біраз адамға телефон шалып көрдім. Мұның ішінде баласын ментальды арифметикаға беріп жүрген аналар да бар. Сұрастыра келгенімде ойша есептеуден сабақ жүргізетін тәлімгерлердің біразын танитын болып шыққаным. Бір қызығы, бұл орталықтың аты қандай екен деп сұрағанымда олардың бір де бірі маған нақты жауап айта алмады. Осылайша, бастауыштан сабақ беретін әрі оның баласы да осы ментальды арифметикаға қатысып жүрген ұстазбен хабарластым. Ол: – Сіз білесіз бе, мен нақты ештеңе айта алмаймын. Бірақ қажет десеңіз, тәлімгердің телефон нөмірін берейін, – деді.
Нөмірін және оның есімін тегімен бірге айтты. Бұл да таныс адам болып шықты. Уақытты көп созбайын деп жұмысқа келе сала оған қоңырау шалдым. Тәлімгермен арадағы әңгіме көпке созылған жоқ. Білгенім олардың ментальды арифметика бойынша арнайы даярлықтан (курс) өткендігі (Индиядан оқып келген оқытушыдан дәріс алыпты), ойша есептеу баланың болашағы үшін аса тиімді екендігі және сабақты кез келген адамның бере алатындығында. Тәлімгер сөзімен айтсақ, «ментальды арифметиканы дала сыпыратын дворник те бере алады» екен.
Дворник те бере алады… Сонда қалай? Ол мұнысымен не айтқысы келді және нені меңзеді екен?… Баланы ментальды арифметикаға баулып жүрген тәлімгерлер арасында «дворниктердің» де бар болғаны ма? Тіпті, не деріңді, не ойларыңды да білмейді екенсің…
Санадағы сан түрлі ойдың ұшы қаладағы ментальды арифметиканың қыр-сырын қанықтыратын орталықтарды неге аралап көрмеске дегенге әкеп тіреді.
Ментальды арифметика балаға не береді?
Ең алдымен, атбасын Жансүгіров көшесіндегі «UCMAS» (ЮСИМАС) ойша есеп Халықаралық балалар орталығына бұрдық. Мұнда келгенімде орталықтың ұйымдастырушысы (администратор) Әсем Шаденова қарсы алып, ментальды арифметиканың ерекшелігі туралы кеңінен мәлімет берді.
ЮСИМАС-тың негізгі миссиясы баланың интеллектуалдық қабілетін дамытып, шамасын анықтау. Ойша есептеуге негізделген бағдарлама Азияда 1993 жылдан бастау алыпты. Оның негізін қалаған Малазия елінің профессоры Дино Вонг. Ал, біздің елге келгелі 5 жылдың жүзі болған. Әсемнің айтуынша, мұндай орталықта оқыған балалардың зейіні артады, есте сақтау қабілеті жақсарады. Өз-өзіне деген сенімділік пайда болады, дәлдік пен жылдамдық қабілеттерін арттыра алады. Курсты меңгеру арқылы балалар кез келген арифметикалық есептерді санаулы секундтарда ауызша есептеп шығаруға бейімделеді. Тез есептеп қана қоймай, тез ойлауға және тез шешім қабылдауға да дағдыланады.
Бұл орталық өткен жылдың шілде айынан беріп жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда 4 пен 12 жас аралығындағы 500-ге тарта бала ойша санау әдісін үйренуде. Ал, оқудың бір айлық төлемақысы –12 мың теңге. Сонымен қатар, 20 пайыздан, 50 пайызға дейінгі жеңілдіктер де бар екен. Мұны орталыққа барып білуге болады.
Ментальды арифметика курсы 10 деңгейден тұрады, ал, оқыту ұзақтығы 3-3,5 жылды құрайды. Яғни, бір деңгейді шамамен 3-4 айға оқыту жоспарланып, балалар жас ерекшелігіне қарай топтастырылған.
–Сабақ аптасына бір рет, екі сағат болады. Бірақ, күн сайын кемінде 15 минут дайындалу керек. Мысалы, көшеде, сабаққа келе жатқанда немесе арнайы уақыт бөліп, кемі 15 минут ойша есептеумен айналысу қажет. Бағдарлама нәтижелі болу үшін бала жаттықтырушының айтқанын бұлжытпай орындауы тиіс. Егер де алты күн дайындалмай, тек аптасына екі сағаттық оқумен ғана шектелетін болса, дұрыс нәтиже болмайды. Сабақтан қалмау, сабаққа кешікпеу де аса маңызды, – дейді Әсем Шаденова.
Бағдарлама бойынша бастапқы деңгейде балалар «абакус» құралын пайдаланып, есеп шығарады. Кейін көз алдарына сол абакусты елестете отырып есептейді. Бастапқы кезеңде балалар абакусты көз алдына елестету кезінде екі қолын да қолданады. Бұл кезде мидың оң жақ және сол жақ жарты шарлары теңдей жұмыс істейді. Яғни, осы уақытта оқу да, ойлау да миға тез қонады. Ал, бағдарлама соңында балалар тек алу мен қосуды ғана емес, көбейту мен бөлуді де, тіпті, санның түбірін табуды да еш қиындықсыз есептейтін болады. «ЮСИМАС» бағдарламасы бойынша оқитын балалар сандарды көз алдына сурет түрінде де елестете алады.
–Жоғарыда айтқанымдай, «ЮСИМАС» тек қана сандарды ойша есептеуді үйретумен шектелмейді. Ол баланың жалпы интеллектуалдық қабілетін дамытады. Жылдамдыққа бейімдеп, табысты болуға баулиды, –дейді Әсем Айдарқызы.
Тоқетерін айтқанда, бұл бағдарламамен оқыған бала айналадағының барлығын ұмытып, бір ғана нәрсеге зейін қоюға бейімделеді. Сондай-ақ, балалардың есту қабілеті де жақсарады екен. Сандарды естімей қалу, түсінбей қалу, екінші қайтара сұрау деген оларда болмайтындығы. Тіпті, ойланып отыруға уақыттың жоқтығы. Сандар айтылып жатқан тұста мида олардың қосындысы шығып тұрады… Мұндай балалар түрлі жарыстар мен сайыстарда, олимпиадаларда да жиі топ жарады.
Ал енді бұдан қандай ой түйер едіңіз? Ойды екшеп келгенде… балаға айналадағының бәрін ұмыттыру… екінші қайтара сұрамау арқылы – баланың сөйлеу қабілетін тежеу емес пе?.. ойланып отыруға жол бермеу арқылы ойлау жүйесін шектеуге алып келмей ме?!
Бұл тұста академик Асқар Жұмаділдаев былай депті: – Қоғам кішкентай балалардың ойша есеп шығаруына таңқалып жатыр. Десек те, біз бір нәрсені жете түсінбейміз. Қазір әлемде не көп, жарыс көп… Біреулер қызанақ лақтырудан жарысса, енді біреулер гамбургер жеуден бәсекеге түседі. Сол сияқты ментальды арифметикада 5 таңбалы санды 5 таңбалы санға көбейту арқылы жарысады. Бірақ бұл жарыстан не ұтамыз? Нендей пайда бар? Оны ойлап жатқан бірде-бір адам жоқ. Бұл меніңше, берері мен мағынасы күмәнді жарыстар.
«Супер» етіп шығара ма?..
Келесі бас сұққан орталық «TYB» (ТЮБ) ойша санау мектебінің ашылғанына жарты жылдан асыпты. Бұл орталық та Халықаралық деңгейдегі мектеп болып табылады. ЮСИМАС-тан айырмасы оқыту бағдарламасы жапон әдісінде жүреді. Бұл жерде оқитын балалар да арнайы шот, яғни, «соробан» құралын пайдалану арқылы есеп шығарады.
Мұндағы тәлімгерлер педагогикалық білімі бар мамандар екен. Орталық жетекшісі Толқын Әбуғалиеваның өзі біраз жыл мектепте физика пәнінен сабақ беріпті. Оның айтуынша, мұнда баланы математик етіп шығармайды, керісінше, ойлау жылдамдығы мен дәлдігін, зейін жинақтауды, фотографиялық есте сақтауды, көшбасшылық қасиеттерді, оқудағы табысты арттырады. Оның айтуынша, ментальды арифметика 4 пен 12 жасқа дейінгі балаларға үйретілетіндіктен, тәлімгердің міндетті түрде педагогикалық білімі болуы аса қажет.
Қазіргі таңда мұнда 150-ден астам бала бар екен. Бұл жердегі оқыту ұзақтығы шамамен 2-2,5 жыл болып отыр. Мұны бітірген баланың қолына арнайы Сертификат табыс етілмек.
…Екі бірдей орталық, оның бірі – малазиялық, екіншісі – жапондық әдіспен ойша санаудың әдісін үйретеді. «ЮСИМАС» -та 3-3,5 жыл, ал «ТЮБ»-те оқыған бала 2-2,5 жыл ішінде толық меңгереді. Есептеу шоттарының атауы бөлек болғанымен, бағдарлама жүйесі бір типті. Бағыты да бір – «супер» бала тәрбиелеп шығарады. Шынында да солай ма?
Бұл тұста ой түйген академик Асқар ағамыз: «Ментальды арифметиканы игерген бала сандарды тез көбейтуді біледі. Одан өзге артықшылығы жоқ. Бір есепті біреу 5 секундта, екінші бірі 1 минутта шығаруы мүмкін. Меніңше, нәтиже дұрыс болса, болды». Осылай деген математик ойын былайша жалғайды: «біздің қоғамда ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата алмайтындар жетерлік. Ментальды арифметика орталығындағылар балаға ойша есеп шығару әдісін үйрету арқылы халықты таң қалдырып, қалтасындағы қаржыны қағып алу үшін жасалып жатқан шаруа болуы бек мүмкін».
Мамандар не айтады?
Ментальды арифметиканы меңгеру жасын 4 пен 12 жас аралығы деп алады. Алайда, санамыздың түбінде 4 жастағы ойын баласы үшін бұл қажет пе деген ой сәулесі ұшқын береді. Бұл тұста мамандар не дейді?
Ресейдің «Инфоцентр» ақпараттық танымдық хабарының кезекті бір тақырыбында осыны арқау еткен еді. Бағдарламаға арнайы қонақ болып келген математик Надежда Ленивенко бұл мәселеге орай өз ойын былайша білдірген-тін: «Екі баланың анасы және оқытушы ретінде ментальды арифметикаға баланы 4 жастан беруге түбегейлі қарсымын. Себебі, бұл жас баланың мектепке бармаған шағы. Ал, мектепке келген тұста мұғалім көрсеткен әдіс пен оның осы уақыт аралығында үйренгені бір-бірімен сәйкес келмей, ақырында бала миында қақтығыс пайда болуы бек мүмкін. Сондықтан арифметикаға беретін нағыз оңтайлы кезең – 6 жас».
Жетісу мемлекеттік университетінің математика және математиканы оқыту әдестемелік кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Қожашева да бұл пікірге толық қосылатынын айтады. Мұның өзінде тәлімгердің міндетті түрде педагогикалық білімі болуы шарт. Оның сөзінше, 4 пен 12 жас аралығындағы балалар кез келген ақпаратты қағып алуға дайын: біз оларға қандай жол көрсетсек, ары қарай да сол жолмен жүрмек, – деген пікірде.
Ойды ой жалғау үстінде О. Жәутіков атындағы физика-математика мектебін бітірген, «Skystudents» жобасын құрушы, математик Ілияс Шәкеновтің орыс тілінде айтқан пікірін аудармасыз беруді жөн көрдік:
–Не могу сказать, что это зло, но в целом, отношусь к данной методике отрицательнo. Эти упражнения направлены не на суть вопроса: составление уравнения, решение проблемы, в каком порядке, как правильно интерпретировать – этого ребенок уже не может выполнить. Этот навык можно потерять, если погрузиться с головой в эту методику… А это будет катастрофа. Дети в таком возрасте (4-12 лет) – это настраиваемый механизм: как мы его настроим, так он и будет развиваться дальше.
Баланы жылдам есептеуге машықтандыру баланың жүйке жүйесіне салмақ салмайды ма? Осы мәселені де алға тартып көрген болатынбыз.
Бала денсаулығына әсері қандай?
Ақмарал Шаяхметова, Талдықорған қалалық емханасының невропатолог дәрігері:
– Сіз көтеріп отырған мәселені биік тұрғыдан Қазақстан арнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасында кеңінен насихатталып, сөз етілді. Осы бағдарламаны тамашалай отырып, бағдарламаға қатысқан әр маманның пікірін тыңдадым. Олардың айтуы бойынша, бүгінгі замануи өзгерістерге сай, артта қалып қалмас үшін кейінгі ұрпаққа аса қажет. Бірақ… дәрігер ретінде айтсам, бала денсаулығы үшін мұның кері әсері яғни, зиянды жақтары бар. Әсіресе, 4 жастағы бала үшін бұл тым ерте дер едім. Себебі, бұл жаста баланың дамуы толық қалыптасып бітпейді. Ми өрісі ғана емес, ұсақ майда заттармен жұмыс істеу қабілеті де дами қоймаған шақ. Ал, ми өрісі мен ұсақ моториканың бір-бірімен, жедел тығыз байланысы бар екендігі ғылыми түрде дәлелденген. Негізі, балалардың 5 пайызы ғана тумысынан аса дарынды болып келеді. Сіз айтып отырған ментальды арифметика курсына жазылғандардың барлығы тегіс бұл математикалық тапсырманы орындауға қабілетті болмауы мүмкін.
Дәрігер ретінде айтсам, балаңызды ментальды арифметикаға берудің алдында оның денсаулығына баса назар аударыңыз. Баланың ми өрісінің, оның қоршаған ортасының қандай екендігіне, психологиялық жай күйіне де үңіліңіз. Жылдам есептеуге машықтандыруға оның ішкі бас бөлігі толық дайын ба? Бір сөзбен айтқанда, әр ата-ана бала моторикасының жақсы дамыған, дамымағынына назар салуы керек.
Баланы ментальды арифметикаға бермес бұрын бәрін де екшеп алған жөн.
Әйтпесе, көршім баласын беріпті екен «мен неге қалуым керек» деп баланы бере салу дұрыс емес. Ал, енді ондайға бел бусаңыз, онда, алдымен балаға барлық жағдайды жасау керек. Курсқа барып келген соң бірнеше сағат баланың тынығуына, далаға шығып ойнауына, серуендеуіне, физикалық жүктеме түсіріп, сонымен қатар, дұрыс тамақтану жағына көңіл бөлу қажет. Ал мұндай жағдайды жасай алмайды екенсіз, онда бала миына асыра сілтеп күш түсірудің қажеті шамалы.
Жалпы, қай нәрсенің болмасын екі жағы болады ғой. Әр нәрсені таразыға салған дұрыс.
Шынтуайтына келсек, соңғы уақытта тереңдетіп оқытатын лицей, интеллектуалдық мектептердің оқушылары бас ауруымен жиі түседі. Себебі олар таңертеңнен бастап, түс ауғанша оқудан бас көтермейді. Араға екі сағат салып, қайта сабақ оқуға кіріседі. Бұл бала денсаулығына аса зиянды. Біз баланың миына жүк салу арқылы нервтік жүйесі мен психологиясын бұзамыз. Әр ата ана осыны білген жөн.
Невропатолог маман ретінде, уақытының басым бөлігін оқуға жұмсайтын жеткіншектерге, тәулігіне 8 сағаттан кем ұйықтамауға, таза ауада жиі серуендеуге кеңес берер едім.
Робот жасап алмаймыз ба?
Гүлмария Ахмедиева, ЖМУ-дің психологы:
–Жалпы математика деген адамның психикасына, ойлау жүйесіне тікелей әсер ететіні анық. Соның ішінде ментальды арифметика дейсіз ғой. Бұл әдіс бала психологиясына қаншалықты әсер ететіндігі туралы жан жақты қарастырып айтуға болады. Математиканы ойша есептеу ойлаудың түрлі ерекшеліктерін дамытуға мүмкіншілік береді. Адамның миы екі жарты шардан тұрады: оң және сол жақ. Әрбір жарты шардың өзіндік қызметі бар. Мәселен, сол жақ жарты шардың қызметі сөзбен қабылдау арқылы қоршаған ортаны талдауға мүмкіншілік беретін болса, оң жақ жарты шар бұл қиялмен байланыстырылады. Яғни, көзбен елестету. Ментальды арифметикада бала шотпен есептейтін болса, көз алдына елестету арқылы оң жақ пен сол жақ жарты шардың қызметі бірдей жұмыс істеуіне мүмкіншілік береді. Жоғарыда айтқанымдай, ойлаудың барлық қасиеттерінің, ерекшеліктерінің дамуына, жылдамдауына мүмкіндігі зор. Екіншіден, есте сақтау қабілетін, зейінді болуға, яғни, тұлғаны көріп қана қоймай, оны көз алдына образды түрде елестете алады. Мәселен, ойша санау мектебіне баратын әр баланың қолы жыбырлап отырады, бұл дегеніңіз бала көз алдына шотты елестету арқылы есептеуді жүзеге асырады. Мұның кері әсері бар ма?
Әр жастағы баланың өз мүмкіншілігі бар. Алайда, 4 жастан бастап баланы жылдам есептеуге машықтандыруға асықпау керек деп ойлаймын. Әрине, бұл жаста баланың миы тез қабылдағыш қой. Дегенмен, осы жастағы баланың миына шектен тыс күш түсіретін болсақ, бұл қажуға, шаршауға алып келеді. Себебі, бұл кезде бала дүниені енді танып келе жатады. Осы шақта оны ментальды арифметикаға баулитын болсақ, психикасына кәдуілгі күш түсетіні сөзсіз.
Жалпы, математиканы жақсы білген бала басқа пәндерді де еш қиындықсыз меңгере алады. Математика деген ойлаудың жақсы дамуына ықпал ететін пән болса, ментальды арифметика оның ішіндегі бір әдіс (методика) қана. Яғни, сіз айтқан ойша санау мектептеріндегі тәлімгерлердің ментальды арифметиканы үйретуде баланы математик етіп шығару емес, оның ақыл-ойын дамытамыз деуінің өзі – бұл әдістің тікелей математика саласымен байланысты екенін де білдірсе керек-ті.
Сөзімді түйіндей келгенде айтарым, ментальды арифметиканы оқыту қажет яки бірден керек емес деу артықтау болар. Дей тұрғанмен, әр адам оның пайдасы мен зиянын екшеп алғаны жөн. Осы істі қолға алып отырған компаниялардың иегерлері яки жаңағы курс ашып, балаларды дайындап жүрген тәлімгерлер бір нәрсені ұмытпаса, мұның артында қаншама баланың тағдыры тұрғандығын ескерсе екен… Яғни, ойша санауды үйретеміз деп баланы робот етіп алмауға тырысу, оның логикалық ойлау жүйесін дамытуға барынша күш салу қажет деп есептеймін. Тағы бір айтатыным, баланы оқытатын тәлімгер міндетті түрде мамандандырылған педагог болуы абзал.
Логикасын ұрлап алмай ма?
Ментальды арифметиканың логикалық ойлау жүйесіне қатысы туралы физика-математика ғылымының докторы Кәден Бопаев былайша ой қорытты.
–Арифметика дегеннің өзі реттілік. Ал, ментальды арифметика әдісін цирк әртістері көбірек қолданады. Бұл әдіс адамды тез есептеуге машықтандырады. Мәселен, 7 мен 8 көбейту қажет дейік. Мұнда ешқандай көбейту кестесінің қажеті жоқ. Ол үшін тірек (опорный) сан деп 10-ды аламын да одан 7 санын алып тастаймын. Одан 3 деген сан шығады. 10 санынан тағы 8 деген санды аламын. Одан 2 қалады. 2 мен 3-ті қосып, ондыққа аламын. Екеуін көбейтемін де бірлікке жазамын. Сонда 2 мен 3 санының қосындысы 5, оны ондыққа жазамын, ал көбейтіп бірлікке жазғаным 6 саны. Осылай жауабы 56 болып шыға келеді. Мұның қағазға түскен түрі туралы айтар болсақ, математик еврей соғыс жылдарында немістің түрмесіне түседі. Төрт жыл түрмеде жатқанында ол цирк әртістері үшін тез есептеудің бірнеше тәсілін ойлап тауыпты. Міне, мұның түбі осыдан бастау алады. Ал, енді бұл деген баланың логикасын өсіреді деуге келмейді.
Баланы жылдамдыққа баулитыны рас. Мәселен, 9998-ге 9997 көбейту керек. Сонда 10 мыңды тірек сан деп аласың да жоғарыда айтқан тәсілге салып шығарасың. Жауабы да шыға келеді.
Ал, енді ментальды арифметикада қолданып жүрген шотқа келсек, оның Халықаралық атауы: Абак, Қытайда – Суаньпань, жапондықтар – Соробан деп атайды. Біздің эрамызға дейін VI ғасырда гүндер есебі деген болған. Олар осы шотпен есептеген. Тағы да қайталап айтамын, ойша санау деген баланың ойлау қабілетін жақсартпайды.
Математик ретінде айтсам, бір есепті елдер он жолмен шығарса, сен соның он бірінші жолын тапсаң… онда логикасы мықты адам болып таныласың. Логика дегеніміз – адамның жан ділі. Яғни, жан мен ділдің қоспасы.
Философиялық ой тұрғысынан екшесем, ментальды арифметикаға деген елдің қызығушылығы бізді топан суға алып келе ме деп қорқамын. Балаларымыз жаппай осы жолмен кететін болса, біз онда логикадан айырылып қаламыз.
Арифметика деген өзінше шыққан жоқ, ол көзімізге көрініп тұрған нәрсені адам ұғымына келтіру үшін оған берілген ат қана. Ал, егер ат қалып, ұғымның иесі жоғалып кетсе не болады? Міне, мәселе қайда жатыр…. Сонымен қатар, бұл оқу жүйесіне де кері әсерін беретінін ешкім біліп отырған жоқ.
Тоқетерін айтсам, ментальды арифметика бала логикасын еш ұштамайды, керісінше, тежеп тастайды. Тағы бір нәрсе, баланы 2-2,5 жыл оқыту деген тіптен ақылға симайды. Миға сиымсыз дүние дер едім. Екі жарым жыл ішінде балаға не оқытады, тек жаттаудан өзге… Мұны үйрену үшін үш ай да жеткілікті дер едім.
Арифметика деген – баланы жетсем деген мүмкіншіліктен, бірнәрсені іздеу, айналаңа қарау сынды мүмкіндіктен толық шектеп тастайды.
Жақсы болсын, жаман болсын, адам бір нәрсеге ғана қызығып қалмауы тиіс. Әлемді тұтас күйінде ойға сыйғыза білу керек. Сонда ғана біз алға жылжимыз. Ал, ментальды арифметикаға кіріп кетсең, өзге нәрсе былық болып, хаус болып қала береді. Қараңғы түнек секілді.
P.S. Айтылған ойларды екшей келгенде: Сырттан келген дүниеге сақ болу керек. «Жақсы» екен деп жаппай беріліп кетудің қажеті жоқ. Әр нәрсенің де екі жағын бірдей қарау керек. Ментальды арифметика деген бүгінгі таңдағы жанбағыстың, ақша табудың бір жолы да болуы мүмкін. Біреуге табыс көзі болып есептелінетін дүниеден біздің болашақ балаларымыз зиян шекпек. Қалай дейсіз бе? Логикасын жоғалту арқылы. Ал , логикасы жоқ адам сиыр тәріздес, қалай айдасаң, солай жүреді.
Кім біледі… мүмкін баланы ойша есептеуге баулудың бір жолында бізге таңсық боларлық тағы бір дүниенің ұшы жатпасына… Сіз не ойлайсыз, көзі қарақты оқырман?!
Сарби ӘЙТЕНОВА.